Доступные курсы

Дата начала курса (ру): 14 июля 2025
Дата окончания курса (ру): 18 июля 2025
Дата начало на казахском: 14-шілде 2025ж
Дата окончание курса на казахском: 18- шілде 2025ж
Название на русском :

Отработка практических навыков по оказанию экстренной первой помощи с применением симуляционных технологий

Второе название курса на казахском:

Медициналық қателерді  болдырмау тәсілдері

Второе название курса на русском:

Способы избежать медицинских ошибок

"Рентгенологиядағы мейіргер ісі" — бұл диагностикалық радиология саласында жұмыс істейтін мейіргерлердің қызметіне арналған бағыт 
сипаттамасы: 
Бұл бағыт рентгенология бөлімінде мейіргерлердің біліктілігін арттыруға арналған.
Бұл бағдарлама білім беру ұйымдарындағы медициналық қызметкерлерге арналған қайта даярлау курсы ретінде әзірленген. Мақсаты – мектеп медицина пункттерінде медициналық көмекті ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша кәсіби дағдыларлы жетілдіру

«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» сертификаттау курсының бағдарламасы мектептегі медицина пункті қызметкерлерінің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Білім беру бағдарламасы кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар мен бағдарламаның тиімділігін жетістіктер индикаторлары арқылы бағалау және мониторингтеу (нәтиже индикаторлары), сондай-ақ әсер ету индикаторлары (ықпал индикаторлары) мүмкіндігін ескере отырып құрастырылған.

Бұл білім беру бағдарламасы мейіргер ісі маманының құзыреттерін қамтиды, олар келесі принциптерге негізделген:

- Оқыту  
- Этика және кәсіпқойлық  
- Коммуникация және топпен жұмыс  
- Денсаулықты нығайту  
- Қауіпсіздік пен сапа  
- Клиникалық құзыреттілік  

«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы келесі негізгі кәсіби құзыреттерді қамтиды:

1. Өзінің білім алу қажеттілігін түсінеді және оқыту мақсаттарын қоя біледі, ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолданады.  2. Мамандықтың этикалық қағидалары мен нормаларына берік екенін көрсетеді. Балалармен және жасөспірімдермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде мейіргерлік көмекті ұйымдастыруда жауапкершілік танытады. Өз әрекеттері мен нәтижелеріне жауап береді, сондай-ақ жағымды жұмыс ортасын сақтайды.  
3. Әр түрлі адамдармен түрлі жағдайларда тиімді әрекеттесе алады.

«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» сертификаттау курсының бағдарламасы мектептегі медицина пункті қызметкерлерінің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Білім беру бағдарламасы кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар мен бағдарламаның тиімділігін жетістіктер индикаторлары арқылы бағалау және мониторингтеу (нәтиже индикаторлары), сондай-ақ әсер ету индикаторлары (ықпал индикаторлары) мүмкіндігін ескере отырып құрастырылған.

Бұл білім беру бағдарламасы мейіргер ісі маманының құзыреттерін қамтиды, олар келесі принциптерге негізделген:

- Оқыту  
- Этика және кәсіпқойлық  
- Коммуникация және топпен жұмыс  
- Денсаулықты нығайту  
- Қауіпсіздік пен сапа  
- Клиникалық құзыреттілік  

«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы келесі негізгі кәсіби құзыреттерді қамтиды:

1. Өзінің білім алу қажеттілігін түсінеді және оқыту мақсаттарын қоя біледі, ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолданады.  2. Мамандықтың этикалық қағидалары мен нормаларына берік екенін көрсетеді. Балалармен және жасөспірімдермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде мейіргерлік көмекті ұйымдастыруда жауапкершілік танытады. Өз әрекеттері мен нәтижелеріне жауап береді, сондай-ақ жағымды жұмыс ортасын сақтайды.  
3. Әр түрлі адамдармен түрлі жағдайларда тиімді әрекеттесе алады.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту – балалар мен жасөспірімдерге, олардың отбасына тиімді бақылау жүргізу және кеңес беру арқылы жүзеге асырылады.

5. Денсаулық жағдайын бақылау рәсімдерін, оның ішінде бұзылыстарды ерте анықтау әдістерін (жалпы және мақсатты скрининг) хаттамаларға сәйкес жүргізе алу қабілетін көрсетеді.

6. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығы мен дамуын бағалау дағдыларына ие, сондай-ақ басқа мамандардың бағалау нәтижелерін ескере отырып, мәселелерді анықтау және ең қолайлы шараларды (профилактикалық және/немесе емдік) белгілеу қабілетіне ие; қажет болған жағдайда оларды арнайы медициналық көмекке бағыттай алады.

7. Иммундау бағдарламаларын жүзеге асыру мен инфекциялық бақылау шараларын жүргізу бойынша білім мен дағдыға ие, сондай-ақ басқа негізгі серіктестермен және өңірлік/жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс істей алады.

8. Басқа командалық қатысушылармен бірлесе отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсете алады.  9. Балалар мен жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде немесе жергілікті қауымдастықта медициналық көмекті ұйымдастыруды жоспарлап, үйлестіре алады; ата-аналармен, мұғалімдермен және басқа да мамандармен тығыз кеңес жүргізе алады.

10. Қоршаған ортадан денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды анықтап, талдай алады және дені сау мектеп ортасын құру мен қолдауға бағытталған шараларды бастамалайды; бұл әрекеттерді сыртқы сарапшылармен бірлесе отырып орындайды.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы:

«Классикалық және емдік массаж» атты сертификаттық курсқа арналған білім беру бағдарламасы «Медициналық массажист» мамандығына қойылатын кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес құрастырылған.

Бағдарлама 10 бөлімнен тұрады. Оқу барысында тыңдаушылар денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, дәлелді медицинаның негіздерін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді және медициналық апаттар кезіндегі іс-әрекеттерді оқып-үйренеді. Кәсіби модульдерді меңгеру барысында тыңдаушылар жас ерекшеліктерін ескере отырып, анатомия бойынша білімдерін жаңартады, адамның анатомиялық құрылысына байланысты массаждың физиологиялық әсерімен танысады.

Курстың негізгі бөлігінде массаж жасау техникасына, массаж кабинетін ұйымдастыру мен жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптарға, санитариялық-індетке қарсы режимді, инфекциялық бақылауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

Практикада анатомиялық аймақтар бойынша классикалық массаж тәсілдері, әртүрлі аурулар мен жарақаттар кезінде қолданылатын массаж әдістері, балаларға арналған массаж техникасы меңгеріледі. Техникалық дағдылармен қатар тыңдаушылар пациенттермен жұмыс істеудегі психологиялық аспектілер мен қақтығыстарды басқару дағдыларын да игереді.
Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылар массаждың маңызын, оның сау және науқас адамның ағзасына әсерін түсінуі, массаждың негізгі тәсілдерін меңгеруі және оларды әртүрлі аурулар кезінде дұрыс қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар аппараттық массажды қолмен жасалатын массажбен, емдік дене шынықтырумен және физиопроцедуралармен үйлестіре білуі қажет.

Дата начала курса (ру): 18 июля 2025
Дата окончания курса (ру): 13 августа 2025

"Жалпы практика мейіргері" сертификаттау курсының бағдарламасы болашақ мейіргерлердің құзыреттерін дамытуға бағытталған. Білім беру бағдарламасы кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды, нәтижелілік көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды (нәтиже-индикаторларын) және мейіргер ісінің заманауи міндеттерін ескере отырып құрылған.

Бұл оқу бағдарламасы келесі қағидаттарға негізделген мейіргер ісі маманының құзыреттерін қамтиды:
- Оқыту.
- Этикалық және кәсібилік.
- Коммуникация және командада жұмыс.
- Жауапкершілік.
- Қауіпсіздік және сапа.
- Клиентке бағытталған көмек.

Бұл бағдарлама балалар жасындағы ауруларды кешенді түрде басқару және ықпалдастырып емдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. БЖАЫЖ бағдарламасы аясында дәрігерлер мен мейіргерлер балалардың ауруларын уақытылы анықтап, дұрыс диагноз қойып, тиімді емдеу әдістерін қолдануға үйретіледі. Бағдарлама балалардың денсаулығын қорғау үшін профилактикалық шараларды жоспарлауға, балаларға кешенді медициналық көмек көрсетуге және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, оңалту шараларын ұйымдастыруға назар аударады.
Бұған қоса, медициналық құжаттаманы дұрыс жүргізу, балаларды тиімді бақылау және мониторинг жасау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде барлық деңгейде ықпалдастыру шараларын жүзеге асыру басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл бағдарлама балалардың денсаулығын жақсарту, аурулардың алдын алу және олардың емделуін тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.

Бұл бағдарлама автоклавты қолдану арқылы құралдарды жоғары температура мен қысыммен стерильдеуді дұрыс жүргізуді үйретеді. Теориялық және практикалық сабақтарда автоклавтың түрлері, жұмыс режимдері, биологиялық және химиялық бақылау әдістері, стерильділіктің көрсеткіштері мен сапасын бағалау қарастырылады. Сонымен қатар, ақаулар мен төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдері де қамтылады.

Курс инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Тыңдаушылар МКБИ-дің алдын алу шараларын, эпидемиологиялық қадағалау тәсілдерін, тазалық пен дезинфекция рәсімдерін, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын қолдану дағдыларын меңгереді.

Мейіргерлік тәжірибеде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі аудит және сараптама жүргізу бағдарламасы медициналық қызметтердің стандарттарына сәйкестігін тексеруді, мейіргерлік процесстердің тиімділігін бағалауды, пациенттер мен медициналық қызметкерлердің пікірі мен ұсыныстарын жинақтауды мақсат етеді. Бұл бағдарлама сапа стандарттарын анықтап, деректерді жинау және талдау процесін үйлестіру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру, инновациялық әдістерды енгізуді ынталандыру, және медициналық көмектің сапасын тұрақты бақылауды жүзеге асыру арқылы медициналық көмектің сапасын жақсарту мен мейіргерлік тәжірибені жетілдіруге арналған. Нәтижесінде, бағдарлама мейіргерлік қызметтің тиімділігін арттыруға және пациенттерге көрсетілетін көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл бағдарлама денсаулық сақтау саласында білім алушыларға шұғыл және күтпеген жағдайларда (жарақаттар, қан кетулер, күйіктер, улану, есінен тану, жүрек тоқтауы және т.б.) дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің теориялық және практикалық негіздерін үйретеді. 
Тыңдаушылар алғашқы көмек көрсету кезеңдерін, шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін, зардап шеккен адамның жағдайын бағалауды, тыныс алу мен жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіру тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, алғашқы көмек көрсету кезінде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу және зардап шеккен адамды қауіпсіз жағдайға келтіру дағдылары қалыптасады.

Дата начала курса (ру): 3 октября 2025
Дата окончания курса (ру): 3 декабря 2025
Дата начало на казахском: 3 сентябрь 2025
Дата окончание курса на казахском: 3 декабрь 2025
Название на русском :

Цифровые технологии в медицине:

 роль медицинского работника среднего звена

Студенттерге жұқпалы аурулардың таралуын бақылау, алдын алу және оларға қарсы күрестің заманауи тәсілдерін үйрету.

Негізгі аспектілері: 

1. Эпидемиологиялық қадағалау түрлері:

   - Жедел (оперативті)

   - Қалыпты (рутиндік)

   - Қоғамдық денсаулық мониторингі

 

2. Заманауи әдістер:

   - Сандық эпидемиология (Big Data, AI арқылы)

   - Геоақпараттық жүйелер (ГИС)

   - Молекулалық эпидемиология

   - ПТР, секвенирлеу, штаммдарды генетикалық қадағалау

 

3. Инфекциялық аурулардың алдын алу:

   - Вакцинация

   - Қоғамдық гигиена

   - Байланыста болғандарды бақылау (контакт-трекинг)

4. Жаңа және қайта оралған инфекциялар:

   - COVID-19, mpox, эбола, туберкулездің резистентті формалары

Дата начала курса (ру): 28 июля 2025
Дата окончания курса (ру): 1 августа 2025
Дата начало на казахском: 28-шілде 2025ж
Дата окончание курса на казахском: 1- тамыз 2025ж
Название на русском :

Инфекционные болезни. Современные аспекты эпидемиологического контроля

Бұл білім беру бағдарламасы симуляциялық оқыту әдістері арқылы алғашқы медициналық көмекті көрсетуге қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Бағдарламада шынайы клиникалық жағдайларға ұқсас ортада әрекет ету, шұғыл жағдайларды дұрыс бағалау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, реанимациялық іс-әрекеттерді жүргізу дағдылары үйретіледі.

Дата начала курса (ру): 14 июля 2025
Дата окончания курса (ру): 18 июля 2025
Дата начало на казахском: 14-шілде 2025
Дата окончание курса на казахском: 18- шілде 2025
Название на русском :

Отработки практических навыков по оказанию первой неотложной помощи с применением  симуляционных технологии

Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау тәртібі бағдарламасы медициналық мекемелерде қалдықтарды қауіпсіз, тиімді және экологиялық таза басқаруды қамтамасыз ету үшін әзірленген. Бұл бағдарлама медициналық қалдықтарды жинау, сұрыптау, сақтау, тасымалдау және жоюдың барлық кезеңдерінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды көздейді. Оның мақсаты – қоршаған ортаға зиян келтірмеу, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және медициналық қалдықтарды дұрыс басқару арқылы денсаулық сақтау саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1. Қалдықтардың сұрыпталуы мен жинақталуы: 

   Қалдықтарды олардың түрлеріне (жұқпалы, токсикалық, биологиялық және басқа) қарай сұрыптап, арнайы контейнерлерде жинау.

2. Қалдықтарды сақтау және тасымалдау: 

   Қалдықтарды санитарлық талаптарға сай сақтау және тасымалдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықтарды қолдану.

3. Қалдықтарды жою: 

   Медициналық қалдықтарды жоюдың экологиялық қауіпсіз әдістерін қолдану, мысалы, өртеп жою, залалсыздандыру.

4. Қызметкерлерді оқыту: 

   Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін медициналық қызметкерлерге оқыту, олардың осы саладағы дағдыларын жетілдіру.

5. Құжаттаманы жүргізу: 

   Қалдықтармен жұмыс істеу барысында барлық қажетті құжаттаманы дұрыс жүргізу, қалдықтардың түрі, саны, сақталу және жою мерзімі бойынша жазбалар жүргізу.

Бағдарлама медициналық мекемелерде қалдықтарды қауіпсіз әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы жұқпалы аурулардың алдын алуға және экологиялық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді.

Дата начала курса (ру): 3 октября 2025
Дата окончания курса (ру): 3 декабря 2025
Дата начало на казахском: 3 сентябрь 2025
Дата окончание курса на казахском: 3 декабрь 2025
Название на русском :

Порядок обращения с медицинскими отходами

Бұл тақырыпта жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) және инсульттен кейінгі асқынулардың түрлері, оларды ерте анықтау, алдын алу жолдары мен екінші рет дамуына жол бермеу үшін қолданылатын тиімді профилактикалық шаралар қарастырылады.

 

Сипаттамада келесі мәселелер қамтылады:

- ЖИА мен инсульттің ең жиі кездесетін асқынулары (жүрек жеткіліксіздігі, тромбоз, неврологиялық бұзылыстар);

- Медикаментозды және медикаментсіз алдын алу әдістері;

- Салауатты өмір салты, оңалту шаралары, диета және физикалық белсенділіктің маңыздылығы;

- Пациенттің өзін-өзі бақылауы, білімін арттыру және диспансерлік бақылау жүйесі;

- Асқынулардың даму қаупін төмендету үшін көпсалалы тәсілдерді қолдану (дәрігер, мейіргер, психолог қатысуымен).

Дата начала курса (ру): 21 июля 2025
Дата окончания курса (ру): 25 июля 2025
Дата начало на казахском: 21 шілде 2025
Дата окончание курса на казахском: 25 шілде 2025
Название на русском :

Неотложные виды ИБС, алгоритмы оказания неотложной помощи при мозговом инсульте, вопросы реабилитации

«Коммуникативтік дағдылар» бағдарламасы орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама аясында тыңдаушылар пациенттермен, олардың туыстарымен, әріптестермен, сондай-ақ басқа медицина мамандарымен тиімді және нәтижелі сөйлесу, ақпаратты сауатты жеткізу, тыңдай білу, эмоционалдық жағдайларды басқару, дау-дамайды шешу тәсілдерін меңгереді. Коммуникативтік мәдениет пен эмоционалдық интеллект – сапалы және қауіпсіз медициналық көмектің маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламада теориялық материалдармен қатар тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.

Дата начала курса (ру): 22 сентября 2025
Дата окончания курса (ру): 22 декабря 2025
Дата начало на казахском: 22 сентябрь 2025
Дата окончание курса на казахском: 22 декабрь 2025
Название на русском :

Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии

Второе название курса на казахском:

Акушериядағы, перинатология және гинекологиядағы заманауи технологиялар

Второе название курса на русском:

Современные технологии в акушерстве, перинатологии и гинекологии

Дата начала курса (ру): 22 августа 2025
Дата окончания курса (ру): 23 августа 2025
Дата начало на казахском: 22 -тамыз 2025 ж.
Дата окончание курса на казахском: 23-тамыз 2025 ж.
Название на русском :

Артериальная гипертензия. Этапы развития. Меры профилактики осложнений. Алгоритм оказания неотложной помощи при гипертоническом кризе

Дата начала курса (ру): 5 сентября 2025
Дата окончания курса (ру): 6 сентября 2025
Дата начало на казахском: 05-қыркүйек 2025
Дата окончание курса на казахском: 06-қыркүйек 2025
Название на русском :

Способы предотвращения медицинских ошибок

Дата начала курса (ру): 12 сентября 2025
Дата окончания курса (ру): 13 сентября 2025
Дата начало на казахском: 12- қыркүйек 2025
Дата окончание курса на казахском: 13 -қыркүйек 2025
Второе название курса на казахском:

Ойылулар кензіндегі мейіргерлік күтімнің  заманауі әдістері

Дата начала курса (ру): 8 августа 2025
Дата окончания курса (ру): 9 августа 2025
Дата начало на казахском: 8- тамыз 2025
Дата окончание курса на казахском: 9-тамыз 2025
Название на русском :

BLS - сердечно-легочная реанимация. Ошибки

при проведении BLS

Второе название курса на казахском:

Реанимациялық  шаралардың  симуляциясы

Второе название курса на русском:

Симуляция  реанимационных  мероприятий