«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» сертификаттау курсының бағдарламасы мектептегі медицина пункті қызметкерлерінің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Білім беру бағдарламасы кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар мен бағдарламаның тиімділігін жетістіктер индикаторлары арқылы бағалау және мониторингтеу (нәтиже индикаторлары), сондай-ақ әсер ету индикаторлары (ықпал индикаторлары) мүмкіндігін ескере отырып құрастырылған.
Бұл білім беру бағдарламасы мейіргер ісі маманының құзыреттерін қамтиды, олар келесі принциптерге негізделген:
- Оқыту
- Этика және кәсіпқойлық
- Коммуникация және топпен жұмыс
- Денсаулықты нығайту
- Қауіпсіздік пен сапа
- Клиникалық құзыреттілік
«Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы келесі негізгі кәсіби құзыреттерді қамтиды:
1. Өзінің білім алу қажеттілігін түсінеді және оқыту мақсаттарын қоя біледі, ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолданады. 2. Мамандықтың этикалық қағидалары мен нормаларына берік екенін көрсетеді. Балалармен және жасөспірімдермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде мейіргерлік көмекті ұйымдастыруда жауапкершілік танытады. Өз әрекеттері мен нәтижелеріне жауап береді, сондай-ақ жағымды жұмыс ортасын сақтайды.
3. Әр түрлі адамдармен түрлі жағдайларда тиімді әрекеттесе алады.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту – балалар мен жасөспірімдерге, олардың отбасына тиімді бақылау жүргізу және кеңес беру арқылы жүзеге асырылады.
5. Денсаулық жағдайын бақылау рәсімдерін, оның ішінде бұзылыстарды ерте анықтау әдістерін (жалпы және мақсатты скрининг) хаттамаларға сәйкес жүргізе алу қабілетін көрсетеді.
6. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығы мен дамуын бағалау дағдыларына ие, сондай-ақ басқа мамандардың бағалау нәтижелерін ескере отырып, мәселелерді анықтау және ең қолайлы шараларды (профилактикалық және/немесе емдік) белгілеу қабілетіне ие; қажет болған жағдайда оларды арнайы медициналық көмекке бағыттай алады.
7. Иммундау бағдарламаларын жүзеге асыру мен инфекциялық бақылау шараларын жүргізу бойынша білім мен дағдыға ие, сондай-ақ басқа негізгі серіктестермен және өңірлік/жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс істей алады.
8. Басқа командалық қатысушылармен бірлесе отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсете алады. 9. Балалар мен жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде немесе жергілікті қауымдастықта медициналық көмекті ұйымдастыруды жоспарлап, үйлестіре алады; ата-аналармен, мұғалімдермен және басқа да мамандармен тығыз кеңес жүргізе алады.
10. Қоршаған ортадан денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды анықтап, талдай алады және дені сау мектеп ортасын құру мен қолдауға бағытталған шараларды бастамалайды; бұл әрекеттерді сыртқы сарапшылармен бірлесе отырып орындайды.